Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 маусым
№ 930
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 14 маусымдағы
№ 930 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Ұлттық құрылтай туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай (бұдан әрі – Ұлттық құрылтай) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Ұлттық құрылтай қызметінің негізгі мақсаты қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау болып табылады.
3. Ұлттық құрылтай өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
2. Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері
4. Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:
қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;
жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;
өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.
3. Ұлттық құрылтайдың құрамы
5. Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтайдың Төрағасынан, оның екі орынбасарынан, мүшелерден және хатшыдан тұрады.
6. Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық құрылтайдың Төрағасы (бұдан әрі – Төраға) болып табылады.
7. Төраға:
Ұлттық құрылтайдың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Ұлттық құрылтайдың отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
Төрағаның орынбасарларына, Ұлттық құрылтайдың мүшелеріне және хатшысына тапсырма береді.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ұлттық құрылтай Төрағасының орынбасары болып табылады, оның отырыстарының күн тәртібін бекітеді және Төрағаның тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9. Ұлттық құрылтайдың құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор, бизнес-қауымдастықтар, сарапшылар қоғамдастығы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоғамдық кеңестері өкілдерінің қатарынан жасақталады. Ұлттық құрылтайдың құрамы кезең-кезеңмен, оның мүшелеріне ротация жүргізу тәртібімен жаңартылып тұрады.
10. Ұлттық құрылтайдың мүшелері:
Ұлттық құрылтайдың жұмыс органына Ұлттық құрылтайдың жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Ұлттық құрылтайдың отырыстарына материалдарды дайындауға қатысуға;
Ұлттық құрылтайдың отырысында қаралатын мәселелерді қоғамда талқылауға және түсіндіруге қатысуға құқылы.
Ұлттық құрылтайдың мүшелері өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқылы емес.
11. Ұлттық құрылтайдың хатшысы:
жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін сарапшыларды, ғалымдар мен мамандарды белгіленген тәртіппен тартады;
Ұлттық құрылтай отырыстарының дайындалуы мен өткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Төрағаның және Төраға орынбасарларының тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Ұлттық құрылтайдың қызметін ұйымдастыру
12. Ұлттық құрылтайдың отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі.
Егер Ұлттық құрылтайдың отырысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, оның құқықтық күші бар болып табылады.
13. Ұлттық құрылтайдың ұсынымдары мен ұсыныстары Төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
14. Ұлттық құрылтайдың ұсынымдары мен ұсыныстарын алған мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер оларды қарайды және қабылданған шаралар туралы Ұлттық құрылтайды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабардар етеді.
15. Ұлттық құрылтайда талқыланатын мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері мен Ұлттық құрылтайдың отырыстарында қабылданған ұсынымдар мен ұсыныстар жұртшылықтың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі, сондай-ақ Интернет желісінде орналастырылады.
16. Ұлттық құрылтайдың отырыстарына Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық құрылтайдың мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
5. Ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз ету
17. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы болып табылады.
18. Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы:
Ұлттық құрылтай отырыстарының күн тәртібі мен бағдарламасының жобасын қалыптастырады;
Ұлттық құрылтайдың отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық ұсынымдар мен ұсыныстардың жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
Ұлттық құрылтайдың мүшелеріне Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
Ұлттық құрылтайдың қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратады және алады;
Ұлттық құрылтай қабылдаған ұсынымдар мен ұсыныстардың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
Ұлттық құрылтай қызметінің шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 14 маусымдағы
№ 930 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың
ҚҰРАМЫ
Тоқаев |
– |
Қазақстан Республикасының Президенті, төраға |
Қарин
|
– |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төрағаның орынбасары |
Жексенбай |
– |
«Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, төрағаның орынбасары |
Балаева |
– |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, хатшы |
Ұлттық құрылтайдың мүшелері:
|
||
Ақылбай |
– |
«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Арыстанбеков |
– |
Экономикалық саясат институтының президенті (келісім бойынша) |
Әбенов |
– |
«Серпін» ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы (келісім бойынша) |
Әміртаев |
– |
«Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Әлтеев |
– |
Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Әскеров |
– |
«Green Tal» әлеуметтік шеберханасының басшысы, әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің әлеуметтік кәсіпкері (келісім бойынша) |
Әубәкіров |
– |
ғарышкер, Халық қаһарманы (келісім бойынша) |
Әшімбаев |
– |
саясаттанушы (келісім бойынша) |
Әшімжанов |
– |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Байрамуков |
– |
еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері (келісім бойынша) |
Бапи |
– |
қоғам қайраткері, журналист (келісім бойынша) |
Басин |
– |
Қазақстанның Еңбек Ері, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша) |
Баталов |
– |
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Башимов |
– |
Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселері жөніндегі комиссияның төрағасы (келісім бойынша) |
Бәйменов |
– |
Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Бектаев |
– |
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Бектұрғанов |
– |
Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Бикебаев |
– |
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы (келісім бойынша) |
Бисенов |
– |
Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша) |
Больгерт |
– |
«Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Борашов |
– |
Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, дара кәсіпкер (келісім бойынша) |
Газдиева |
– |
Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақмола филиалының директоры (келісім бойынша) |
Гаипов |
– |
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көлік және коммуникациялар жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша) |
Ғұбайдуллин |
– |
Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (келісім бойынша) |
Дайрабаев |
– |
Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) |
Дандығараева |
– |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Дәулеталин |
– |
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша) |
Дәулетбаева |
– |
Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Жастар мүгедектер одағы» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Дементьева |
– |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Русская община столицы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Досжанова |
– |
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (келісім бойынша) |
Дулатбеков |
– |
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры (келісім бойынша) |
Елгезек |
– |
Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Ерниязова |
– |
«Қазақстан волонтерлері лигасы» қоғамдық қорының төрағасы (келісім бойынша) |
Ерсайынұлы |
– |
қоғам қайраткері, Ақтау қаласы мәслихатының депутаты (келісім бойынша) |
Ертісбаев |
– |
Қазақстан халық партиясының төрағасы (келісім бойынша) |
Есім |
– |
дінтанушы, философ, абайтанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша) |
Жабағин |
– |
Ұлттық биотехнология орталығы адам генетикасы зертханасының меңгерушісі (келісім бойынша) |
Жақанов |
– |
композитор, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша) |
Жаңбыршин |
– |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Жұмаділдаев |
– |
математик ғалым, мемлекет қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша) |
Жылқышиев |
– |
Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Закарья |
– |
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры (келісім бойынша) |
Избасов |
– |
Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, мұнай-газ кешенінің ардагері (келісім бойынша) |
Илеуова |
– |
«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі (келісім бойынша) |
Кенжеханұлы |
– |
«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Кривошеев |
– |
журналист, экономикалық шолушы (келісім бойынша) |
Күрішбаев |
– |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Қайдарова |
– |
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан Республикасы онкологтары қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Қалиев |
– |
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы (келісім бойынша) |
Қамзабекұлы |
– |
филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі(келісім бойынша) |
Қанай |
– |
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры (келісім бойынша) |
Қаниев |
– |
«Lancaster Group Kazakhstan» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Қашқынбеков |
– |
Халықаралық қар барысы қорының директоры (келісім бойынша) |
Қожахметова |
– |
Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Talbesik» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша) |
Қошанов |
– |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясы төрағасы және депутаттық фракциясының жетекшісі (келісім бойынша) |
Қоянбаев |
– |
Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің креатив директоры (келісім бойынша) |
Құлекеев |
– |
Қолданбалы экономика зерттеулері орталығының ғылыми жетекшісі (келісім бойынша) |
Құлжанов |
– |
«Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Құранбек |
– |
Қазақстан жекпе-жек өнері қауымдастығының вице-президенті (келісім бойынша) |
Құрманәлиев |
– |
филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (келісім бойынша) |
Құттықадам |
– |
қоғам қайраткері (келісім бойынша) |
Қыдырәлі |
– |
Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Лодочников |
– |
блогер, домбырашы-әнші (келісім бойынша) |
Майгелдінов |
– |
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Мамбетбай |
– |
қоғам қайраткері, дінтанушы (келісім бойынша) |
Мурадов |
– |
«Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы (келісім бойынша) |
Нурумов |
– |
Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы (келісім бойынша) |
Нұрғазиева |
– |
Қазақстан Азаматтық альянсының президенті (келісім бойынша) |
Нұржан |
– |
ақын, филолог (келісім бойынша) |
Нұрмұхамедов |
– |
саясаттанушы (келісім бойынша) |
Нұртаза |
– |
саясаттанушы, блогер (келісім бойынша) |
Огай |
– |
«Қазақстан корейлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Омарбекова |
– |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан мүгедектер конфедерациясының төрағасы (келісім бойынша) |
Омарова |
– |
адвокат, «Құқық қорғаушылар» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы (келісім бойынша) |
Орынбек |
– |
құқық қорғаушы қайраткер (келісім бойынша) |
Палинка |
– |
«Aзаттық рухы» агенттігінің тілшісі (келісім бойынша) |
Перуашев |
– |
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі фракция жетекшісі (келісім бойынша) |
Пириев |
– |
«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы (келісім бойынша) |
Пулатов |
– |
Нұр-Сұлтан қаласы «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Рау |
– |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Рожин |
– |
журналист, блогер (келісім бойынша) |
Рыпаков |
– |
Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы (келісім бойынша) |
Сабильянов |
– |
қоғам қайраткері (келісім бойынша) |
Саиров |
– |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Салжанов |
– |
«Аltyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының президенті (келісім бойынша) |
Сапарбекұлы |
– |
«Отандастар» қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Сарыбаев |
– |
жазушы, тележурналист (келісім бойынша) |
Сарым |
– |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Сатыбалды |
– |
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша) |
Сахариянов |
– |
«Media Holding «Atameken Business» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Сәбитова |
– |
«Жақсылық акселераторы: Ізгілік елшісі» ұлттық еріктілер қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, заңгер (келісім бойынша) |
Сәдуақасов |
– |
Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры (келісім бойынша) |
Сельтеев |
– |
Еуразиялық интеграция институтының директоры (келісім бойынша) |
Суларов |
– |
Жамбыл облысы Қордай ауданының Сортөбе ауылы № 17 орта мектеп директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша) |
Сүлеймен |
– |
Team Qazaqstan жобасының жетекшісі (келісім бойынша) |
Сүлейменова |
– |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Талаева |
– |
Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Тандем» телерадиокешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Танысбай |
– |
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Тау |
– |
кәсіпкер, «DACO-MOTORS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Тимощенко-Боровикова |
– |
«Қазақстан украиндары радасы» заңды тұлғалар республикалық бірлестігінің жастар қанатының төрағасы (келісім бойынша) |
Толамысов |
– |
Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Талдықорған өңірі бойынша «Харекет» қоғамдық қорының төрағасы, «Айналайын» балалар үйінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Толықбай |
– |
QAZAQSTAN ұлттық телеарнасының бас продюсері, ASHYQ ALAŃ талдау бағдарламасының жүргізушісі (келісім бойынша) |
Тұрлыханов |
– |
«Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Тұрсынғожаев |
– |
білім беру мәселелері бойынша сарапшы (келісім бойынша) |
Уәли |
– |
«Хабар агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Усанова |
– |
«Туған тел» Алматы облыстық татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
Фазылжанова |
– |
А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры (келісім бойынша) |
Худяков |
– |
Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты» жекеше мекемесінің директоры (келісім бойынша) |
Чеботарев |
– |
«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры (келісім бойынша) |
Шашкова |
– |
ақын, аудармашы, әдебиет сыншысы (келісім бойынша) |
Шаханов |
– |
Қазақстанның халық жазушысы, ақын (келісім бойынша) |
Шибұтов |
– |
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша) |
Ізмұхамбетов |
– |
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 14 маусымдағы
№ 930 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған
кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 3 Жарлығы.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 63 Жарлығы.
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 63 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 22 ақпандағы № 268 Жарлығы.
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 806 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы.