National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

2022 жылғы 04 мамыр

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілсін.

2. Шығыс Қазақстан облысының құрамында:

1) Тарбағатай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында орналасатын Ақсуат ауданы;

2) Көкпекті ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Самар ауылында орналасатын Самар ауданы құрылсын.

3. Орталық мемлекеттік органдар, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдары орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен ұйымдардың іркіліссіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық 2022 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Президенті                                              Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 мамыр

           № 886


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің