National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 709 Жарлығына комментарий

2021 жылғы 13 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылғы 6 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімін қарастырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын екі жұмысқа беруге қаулы етті.

«Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған «Розеофунгин-АС» отандық жаңа түпнұсқалық дәрілік препаратты әзірлеу және оның өндірісін ұйымдастыру» тақырыбындағы жұмыс үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Аманкелді Құрбанұлы Саданов бас директор болып табылатын авторлық ұжымға берілді. Авторлық ұжым құрамы: бас ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты Ася Сұлтанқызы Балғымбаева; вирусология бөлімінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор Владимир Элеазарович Березин; бас ғылыми қызметкер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ілияс Райханұлы Құлмағамбетов; бас ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты Людмила Петровна Треножникова; «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының биология және биотехнология факультеті доцентінің міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Дәулетбайқызы Ұлтанбекова.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар және өндіріс» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін биология ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі Күнсұлу Закарья бас директор болып табылатын авторлық ұжымға берілді. Авторлық ұжым құрамы: бас директордың ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ерғали Орынбасарұлы Әбдірайымов; бас директордың өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Мархабат Мелісбекұлы Қасенов; зертхана меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Лесбек Бекболатұлы Құтымбетов; зертхана меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Мұхит Бармақұлы Орынбаев; зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Күләйсан Тұрлыбайқызы Сұлтанқұлова; бас ғылыми қызметкер, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Мұхитұлы Хайруллин.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі немесе одан жоғары жаңа түрлерін әзірлегені және өндірісті ұйымдастырғаны үшін; экономиканың түрлі салаларында экономикалық және (немесе) әлеуметтік әсерді қамтамасыз ететін мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процесстер әзірлегені және жасағаны үшін беріледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің