National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2025 жылғы 14 сәуір

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгершілік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

 

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен

Айыпов Жігер Мұратұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының басқарма бастығы;

 

Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен

Аппазов Сухраб Тохтыкожаевич – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының аға офицері –оқытушысы

Кәмен Бауыржан Қасымұлы – Қорғаныс министрлігі 58012 әскери бөлімі инженерлік батальонының штаб бастығы

Қасымов Мақсат Сейілханұлы – Қорғаныс министрлігі 99230 әскери бөлімінің офицері

Мырзанұлы Аллаберген – Қорғаныс министрлігі 74884 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы командасының командирі

Сабыржанов Есен Елшатұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімі барлау-шабуылдау (арнайы мақсаттағы) ротасының командирі

Сейдалин Руслан Жәнібекұлы – Қорғаныс министрлігі департамент бастығының орынбасары;

 

Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен

Мамырханов Біржан Еркінғазыұлы – Қорғаныс министрлігі 30217 әскери бөлімі танк батальонының сержанты;

 

 «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен 

Ағыбай Абылай Ержанұлы – Қорғаныс министрлігі 32388 әскери бөлімінің бөлімше командирі

Әкімов Самат Асанжанұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының нұсқаушы-сержанты

Дәулетов Рафик Мәжитұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының ауысым бастығы

Еркінов Дархан Еркінұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімінің бөлімше командирі

Кәрібаев Саян Қуантайұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының командирі

Кенжетай Ертай Жаңабергенұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының офицері (жарғышы)

Мұсайыпов Нұржан Нұрбекұлы – Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасының офицері

Нұрпейісов Ерлік Әбиірұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының офицері (мергені)

Нұрымов Серік Асқарұлы – БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілінің орынбасары 

Сисатов Азамат Амангелдіұлы – Қорғаныс министрлігінің басқарма бастығы

Төкенов Ұлан Нұрбекұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімінің аға офицері (таудағы даярлық жөніндегі нұсқаушысы)

Тіленшинова Сәния Қалымқызы – Қорғаныс министрлігі 44973 әскери бөлімінің аға маманы (аға радиотелефонисі).

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                    Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 11 сәуір

                   № 839


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің