ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін наградталсын: ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Калетаев Дархан Аманұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; І дәрежелі «Айбын» орденімен Қызыр Думан Манарбекұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі; ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Қаражанова Макка Сағынғалиқызы – Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Украина Маслюк Галина Дмитриевна – Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы, Украина; «Құрмет» орденімен Әлібеков Аслан Аманжолұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған); «Ерен еңбегі үшін» медалімен Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы – Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Кагенов Азамат Мағжанұлы – Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің атташе – консулы Маманов Дархан Серікұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – консулы Сәбитұлы Бекзат – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы – консулы; «Шапағат» медалімен Амангелдин Руслан Берекеұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары Денисенко Анна Владимировна – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі консулының көмекшісі Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің екінші хатшысы Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы – Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 наурыз № 837