National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан тарихының көптомдығы жөнінде жиын өтті

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтында «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жаңа академиялық басылымның редакциялық алқа жетекшілерімен және мүшелерімен кездесті.

Жиында Мемлекеттік кеңесшіге Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки және томдардың жетекшілері мен редакторлары – Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ақан Оңғар, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Болат Көмеков, Жошы Ұлысын зерттеу институтының директоры Жақсылық Сәбитов, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу республикалық ақпараттық орталығының директоры Меруерт Әбусейітова, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры Зиябек Қабылдинов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директорының орынбасары Шамек Тілеубаев, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған ғылыми басылымның дайындалу барысы туралы баяндады.

Талқылауға Мәдениет және ақпарат министрлігінің сондай-ақ, республикалық және аймақтық архивтер мен музейлердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Ерлан Қарин көптомдықтың мазмұнын республикалық және өлкетану музейлерінен алынған сапалы ғылыми көрнекі материалдармен, тарихи карталармен, архив құжаттарының фотокөшірмелерімен және басқа да құжаттармен толықтыру қажет екенін айтты.

Жиын cоңында Мемлекеттік кеңесші барлық мектеп және университет бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу құралдарына арқау болатын Қазақстан тарихы академиялық басылымының маңызын ерекше атап өтті.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: