National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Құрылтай сайлауының өтуіне орай Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтау жеделхаттары

2026 жылғы 25 тамыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғашқы Құрылтай сайлауына байланысты шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсуде.

Мемлекет басшысын Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян, Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари, Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн, ИЫҰ бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Иса және ТМҰ бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев құттықтады.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің