1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма екінші сессиясы 2015 жылғы 23 сәуір күні Астана қаласында «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма екінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 19 наурыз
№ 352