Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды; Дулат Темірғалиұлы Адырбеков «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне; Асқар Ахметұлы Жоламанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы қызметіне; Сәкен Мансұрұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды.