Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды; Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды; Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.