Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды;
Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Әлия Мейірбекқызы Молдабекова Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.