National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

2019 жылғы 26 тамыз

2020 жылы  Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау  және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Әбу  Насыр әл-Фарабидің    1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік  комиссияның   қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін. 

4. Мемлекеттік комиссия:

1) Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2019 жылғы 1 қарашаға дейін бекітсін;

2)  осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

 

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті

 

                                                             Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 тамыз

                  № 133

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2019 жылғы 26 тамыздағы

№ 133 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның

ҚҰРАМЫ

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі, комиссияның  хатшысы

 

комиссия мүшелері:

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

«Nur Оtan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

мемлекеттің өңірлік саясаты саласындағы жұмысқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Алматы қаласының әкімі

Түркістан облысының әкімі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығының директоры (келісім бойынша)

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры  (келісім бойынша)

Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы – Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас директоры  (келісім бойынша)

Қыдырәлі Дархан Қыдырәліұлы – Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы  басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

Сатаев Ахан Қарғамбайұлы – кинорежиссер, сценарист, продюсер (келісім бойынша)

Сейтахметова Наталья Львовна –  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Философия, саясаттану және дінтану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (келісім бойынша)

Сырғақбаева Ақмарал Сәлімжанқызы – фарабитанушы, философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (келісім бойынша).

_____________


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің