National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

2017 жылғы 11 қазан

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 424-құжат);

2) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 792 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 192-құжат);

3) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 164 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 2-құжат).

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     

Қазақстан Республикасының

             Президенті                                                                      Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 10 қазан

                     № 559


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің