«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті, валюталық реттеу мен бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.»;
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;
17-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) төлем жүйелерінің және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) банкаралық ақша аударымы жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттейді және бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) төлем жүйелерін реттеу мақсатында:
төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін бекітеді;
төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;»;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:
жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асырады;
жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан талдауды және бағалауды, оның ішінде төлем жүйесіне қатысушы маңызды клиенттердің төлем жүйелерінің жұмысына әсерін талдауды жүзеге асырады;
бағалы қағаздармен және шетел валютасымен операциялардың нәтижелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын талдауды жүзеге асырады;
операторлардан, операциялық орталықтардан және төлем жүйелеріне қатысушылардан төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпарат, оның ішінде жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелері арқылы жүргізілген, көрсетілген төлем жүйелеріне қатысушы маңызды клиенттер жүзеге асырған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының көлемдері жөніндегі мәліметтер алады;
жүйелік маңызы бар және маңызды төлем жүйелері операторларының және (немесе) операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның қызметіне «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді;
жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың ұйымдастыру шараларына және жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды орындауын байқауды жүзеге асырады;
жүйелік маңызы бар, маңызды және өзге төлем жүйелерінің тізілімдерін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу мақсатында:
көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызылатын көрсеткіштерді бекітеді;
көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлейді;
27-2) көрсетілетін төлем қызметтері нарығын бақылау мақсатында:
көрсетілетін төлем қызметтері нарығын талдауды жүзеге асырады;
төлем құралдарының қолданылуын талдауды жүзеге асырады;
көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер ұсынатын қызметтерді талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерден олар ұсынған көрсетілетін төлем қызметтері бойынша мәліметтер алады;
көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерден көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтерді, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу мәселелері бойынша өзге де ақпаратты алады;
төлем ұйымдарын есептік тіркеуді жүзеге асырады;
төлем ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның қызметіне тексеру жүргізеді;»;
32) тармақша алып тасталсын;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) төлемдер және төлем жүйелері мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді (қағидаларды, талаптарды) қабылдайды;»;
57) тармақшаның отыз алтыншы абзацы алып тасталсын;
90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«90) банк қызметінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің, сақтандыру қызметінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің, төлемдер және төлем жүйелері, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған өкілеттіктер шегінде өзге де мәселелер бойынша барлық қаржы ұйымдары, қаржылық қызметтерді тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды, сондай-ақ олардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, оның ішінде тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 91-1), 93-1), 93-2) және 93-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«91-1) есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«93-1) коллекторлық агенттік есептілігінің тiзбесiн, нысандарын, оны ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбiн бекітеді;
93-2) коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін бекітеді;
93-3) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидаларын бекітеді;»;
99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«99) қаржы ұйымдарынан және олардың үлестес тұлғаларынан, банк конгломераттары мен сақтандыру топтарының қатысушыларынан, микроқаржы ұйымдарынан, коллекторлық агенттіктерден, арнайы қаржы компаниялары мен исламдық арнайы қаржы компанияларынан қаржылық және өзге есептілікті алады;»;
101) тармақша алып тасталсын;
110) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«110) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
18-тармақта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) коллекторлық агенттіктердің есептілігін жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;»;
11) тармақшаның екінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті ұйымдардың (олардың филиалдарының), сондай-ақ өзге тұлғалардың валюталық заңнаманы, төлемдер мен ақша аударымдары саласындағы заңнаманы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға (заңдастыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау бөлігіндегі қызметін, сондай-ақ уәкілетті банктердің (олардың филиалдарының) валюталық заңнаманы, төлемдер мен ақша аударымдары саласындағы заңнаманы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға (заңдастыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау бөлігіндегі қызметін жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулерді;»;
«микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің қызметін тексерулерді, оның ішінде жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулерді жүзеге асырады;»;
14), 15), 16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің есептік тіркеуін жүргізеді;
15) микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізеді;
16) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда микроқаржы ұйымдарын, «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру не тарату туралы сотқа талап арыз береді;
17) микроқаржы ұйымдарына, коллекторлық агенттіктерге шектеулі ықпал ету шараларын қолданады;»;
19-тармақта:
3) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау не лицензиядан айыру туралы мәселені қарайды;»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актінің қолданылуын тоқтата тұру, қолданылуын қайта бастау туралы мәселені қарайды;»;
8) тармақшада:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар береді, лицензияларды беруден бас тартады;»;
бесінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылын:
«8-1) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру, беруден бас тарту туралы мәселені қарайды;»;
20) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«микроқаржы ұйымдарынан, коллекторлық агенттіктерден қажетті ақпарат алады;»;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) банкті ашуға рұқсат берген кезде банктің құрылтай құжаттарын келісуді жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:
«62-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес коллекторлық агенттіктерге қатысты ықпал ету шараларын қабылдайды;»;
20-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қызметтер, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктердің қызметтер көрсетуі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) қаржы нарығының субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ықпал ету шараларын қолданады;»;
21-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ақшаның қате аударылу фактісі анықталған жағдайда, оны клиенттің банк шотынан алуды жүргізуге, клиенттің ақшаны банк шотынан алуға берген келісімін растайтын құжаттар болған жағдайда, оның банк шотын дебеттеуге;»;
екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) төлем жүйелерінің және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;
22-1-тармақта:
21), 22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;»;
30) тармақша алып тасталсын;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну қағидаларын;»;
41) тармақша алып тасталсын;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;»;
46) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«46) көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын;
47) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын;»;
52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«52) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды;»;
мынадай мазмұндағы 52-1), 52-2), 52-3), 52-4), 52-5), 52-6) және 52-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«52-1) төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
52-2) жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын;
52-3) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;
52-4) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын;
52-5) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын;
52-6) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін;
52-7) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызылатын көрсеткіштерді;»;
73) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«73) валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы секторына шолуды қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, көрсетілетін төлем қызметтері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын, кредиттік бюроларды, микроқаржы ұйымдарын және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты және сұраныс пен ұсыныс көздеріне мониторингті жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарын;»;
92) тармақша алып тасталсын;
98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«98) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның Банктер және банк қызметі туралы заңда көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге және талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды;»;
115) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«115) микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер, қаржы ұйымдары және олардың үлестес тұлғалары, оның ішінде банк конгломераттары және сақтандыру топтары есептілігінің (қаржылық есептілікті қоспағанда) тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін;»;
126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«126) құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, қолдану талаптарын;»;
23-тармақта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын және Ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің еңбекақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасы Президентімен келісім бойынша бекітеді;»;
29) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөлініп шығуға, қайта құруға, конвертациялауға) немесе банктерді ерікті түрде таратуға;»;
31) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау не лицензиядан айыру туралы шешім қабылдайды;»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актінің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау туралы шешім қабылдайды;»;
25-тармақтың 14) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік кәсіпорындарының бизнес-жоспарларын, даму жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептерді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік кәсіпорындарының аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілігін;»;
29-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының және оның орынбасарларының лауазымдық жеке жалақыларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы бекітеді.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 8 тамыз
№ 529