ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Братислава қаласындағы (Словак Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 18 шілде № 66