Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Берілген өтінішіне орай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовтің орнынан түсуі қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев