National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

2015 жылғы 08 сәуір

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір ай мерзімде Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен Бағдарламаны мониторингтеу және бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:

«12.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      2015

     жылғы

  2 наурызға           дейін

    2015 –         2019         жылдар

 

 

2015 жылғы 12 наурызға дейін».

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     

   Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                           Н.Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 6 сәуір               

                   № 1030


 

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына

ТҮСІНІКТЕМЕ

 

Мемлекет басшысының 2015 жылғы 6 сәуірдегі №1030 Жарлығымен «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілді.

Бағдарлама елдің макроөңірлерін біріктіру және хаб қағидаты бойынша бірыңғай нарықты қалыптастыруға негізделген жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталған.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

«шұғыла» қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру;

индустриялық және туристік инфрақұрылымдарды дамыту;

бірыңғай электр энергетикасы жүйесін дамыту шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту (реконструкциялау және салу);

азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру;

білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

Ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, Бағдарламада өңдеу өнеркәсібі салаларының жекелеген секторларын, АӨК, экспорттаушыларды қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары, сондай-ақ ішкі нарықты қорғау және геологиялық барлауды жандандыру бойынша шаралар көзделген.

Бағдарламаны іске асыру 2020 жылға дейін мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

2014 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнімнің өсімін 15,7% қамтамасыз ету;

395,5 мың жұмыс орнын ашуға, оның ішінде:

тұрақты – 86,9 мың адам;

уақытша – 308,6 мың адам;

Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингіндегі «базалық инфрақұрылымның сапасы» көрсеткішін 57-орынға дейін көтеру.

Тұтастай алғанда, Бағдарлама қысқа мерзімді де, сондай-ақ ұзақ мерзімді де перспективада экономиканың өсуіне жағдай жасап, қазіргі бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз етеді, іскерлік белсенділікті, өнімділікті және елдің транзиттік әлеуетін арттырады.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің

Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің