National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы

2018 жылғы 09 тамыз

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасына, 50-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2018 жылғы 5 қазанға  Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау тағайындалсын.

2. Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сәйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Шымкент қаласының әкімі Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

             Президенті                                                                                    Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы  9 тамыз

           №731


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің