Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған.