Заң Мемлекет басшысының заң шығару бастамасы тәртібінде қабылданды және Қылмыстық-процестік кодекске, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарға түзетулерді көздейді, олар мыналарға: - қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарының қорғалуын күшейтуге және қылмыстық процестің қайталануын азайтуға; - қылмыстық процесте, оның ішінде адвокаттардың құқықтарын кеңейту есебінен жарыспалылықты арттыруға; - сотқа дейінгі сатыда соттың бақылауын кеңейтуге; - процестік өкілеттіктерді нақты бөлуге; - қылмыстық процесті жеңілдетуге және үнемділікпен жүргізуге бағытталған. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.