National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті

2023 жылғы 04 ақпан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды нығайтуға баса мән берді. Осы ретте Қазақстан Президентінің жақында Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Екі ел басшылары саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, сауда-саттық байланыстарды жандандыруға және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің