National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Бақытжан Ертаевты қабылдады

2023 жылғы 19 маусым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында Бақытжан Ертаевтың өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері жөніндегі ой-пікірін тыңдады.

Мемлекет басшысы жуырда Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстанның негізін қалайтын Адал азамат туралы ойларын ортаға салғанын атап өтті. Бұдан бөлек, сын сағатта басын қатерге тігіп, жанқиярлықпен ерлік танытқан, Отанына адал қызмет еткен тұлғаларды жастарға үлгі ету және  қарапайым еңбек адамын дәріптеу маңызды екеніне назар аударды.

Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев өзі басшылық ететін «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Сондай-ақ әскердегі тәрбие ісін нығайту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Президент ұйымның бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты. Сонымен қатар Бақытжан Ертаевтың тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құруға  елеулі еңбек сіңіргенін атап өтіп, оның ел игілігі үшін атқарып жатқан қоғамдық жұмыстарына табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің