National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинді қабылдады

2023 жылғы 01 маусым

Алматы қаласы

 

Кездесу барысында балалардың денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына, сондай-ақ балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысына Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Президент кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін пәрменді шаралар қабылдау, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауға берілген кепілдікті сақтау, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау маңызды екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқығын қорғау және денсаулығын сақтау жүйесін нығайту аса маңызды екенін атап өтті. Сондықтан балаларды қорғауға қатысты барлық ұсыныс пен бастаманы жүзеге асырмас бұрын мұқият зерттеу қажет.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы туындаған түйткілдерді шешуге тікелей атсалысу үшін Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жергілікті жердегі жұмысын жандандыру  қажет екеніне назар аударды.

Бұдан бөлек, Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкілге бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту, балаларға қатыгездік жасау фактілеріне дер кезінде мән беру,  буллингке қарсы күресу, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидке итермелейтін әрекеттердің алдын алу, арнайы білім алуға мұқтаж балаларды қолдау, сондай-ақ жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің