National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

2022 жылғы 13 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК пен ТМД саммиттеріне қатысқаны үшін Александр Лукашенкоға алғыс айтты. Сонымен қатар Қазақстанның Беларусьпен арадағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға баса мән беретінін атап өтті.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен қарым-қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық өзара іс-әрекет пен өндірістік кооперацияны жан-жақты жандандыруға ерекше назар аударылды.

- Мен Үкімет мүшелеріне сауда-саттықты, инвестициялық ынтымақтастықты арттырып, жобаларды ілгерілету үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет деп үнемі айтып отырамын. Қолда бар әлеуетті пайдалану қажет. Менің тарапымнан тиімді көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық шаралар қабылданады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Александр Лукашенко саммитке шақырғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, АӨСШК-ті одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екенін атап өтті.

– АӨСШК ұйымын жаһандық деңгейде дамыта бастағаныңыз өте дұрыс, – деді Беларусь Президенті.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібі туралы пікір алмасты.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің