National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады 

2021 жылғы 13 қыркүйек

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің алдағы уақыттағы жоспарлары және Президенттің халыққа Жолдауында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндалды. 

Атап айтқанда, Серікқали Брекешев Мемлекет басшысына Ұлттық геологиялық қызмет құруға қатысты жұмыстар, «Минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесінің әзірленуі жөнінде мәлімет берді.

Президентке су шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Министрдің айтуынша, бес жылдың ішінде суару желісінің кемінде 120 арнасы қалпына келтіріліп, жалпы көлемі 1,7 миллиард текше метр болатын жаңадан тоғыз су қоймасы салынады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев су үнемдеу технологияларын енгізу ісін ынталандыру және су саласын цифрландыру қажет екенін атап өтті. 

Кездесу барысында атмосфералық ауаның ластануын азайту бағытында қабылданып жатқан шараларға ерекше мән берілді. Ведомство басшысының айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында аймақтар бойынша жол карталары бекітіліп, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленді және кәсіпорындармен бірқатар меморандумға қол қойылды. Аталған құжаттар қалдықтардың көлемін 20-дан 30 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министрге бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің