National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

2021 жылғы 27 желтоқсан

Президентке министрліктің биылғы атқарған жұмыстарының қорытындылары және Жолдауда айтылған мәселелердің жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді. Атап айтқанда, жаңа жылдан бастап төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеге дейін жеткені және тағы 591 мың азаматтық қызметкердің жалақысы өсетіні жөнінде айтылды.

Сонымен қатар министр жұмыссыздықпен күрес бағытына да тоқталды. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр.

Серік Шәпкенов жұмыспен қамту орталықтарын цифрландыру бойынша мәлімет берді. Оның айтуынша, жұмыс іздеген азаматтардың 33 пайызы онлайн қызмет түрін пайдаланған, 26 мың жәрдемақы электронды түрде рәсімделген. Сондай-ақ биыл 988,8 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына министрліктің алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы баяндалды. Соның ішінде Серік Шәпкенов Әлеуметтік кодекс әзірлеу, зейнетақы жүйесін жаңғырту, кәсіби біліктілікті арттыру туралы заң жобасын және 2022-2026 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын дайындау сияқты негізгі төрт бағытты атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің