National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы химиядан Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

2024 жылғы 01 тамыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эр-Риядта өткен химиядан 56-шы Халықаралық олимпиаданың жүлдегерлеріне құттықтау жеделхатын жолдады.

– Еліміздің құрама командасы үшінші жыл қатарынан осынау беделді турнирде жоғары нәтижеге қол жеткізгені қуантады. Биыл сіздер екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, білім деңгейлеріңіздің өте жоғары екенін көрсеттіңіздер. Осы арқылы отандық білім беру саласының халықаралық ғылымдағы беделі зор әрі бәсекеге қабілетті екенін дәлелдедіңіздер. Бұл ретте ұстаздар мен ата-аналардың сіңірген еңбегі ерен. Сіздердің жеңістеріңіз еліміздің дамуына қызмет ететін кәсіби жетістіктерге ұласатынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы жас дарын иелерінің алдағы уақытта да білімнің биік шыңын бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің