National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевты қабылдады

2022 жылғы 18 ақпан

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы атқаратын негізгі міндеттері жайында баяндалды.

Қайырбек Өскенбаев Президентке отандық өңдеу өнеркәсібін дамыта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты. Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамтитын жаңа өндіріс орындарын ашудың маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің инфрақұрылымдарын теңдей қолжетімді қылу және отандық өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету үшін министрліктің атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент құрылыс саласын дамыту және оны монополиядан тазарту, инвестиция тарту, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар ашу, көлік әлеуетін күшейту, Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін арттыру, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларын цифрландыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің