Президенттер қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін егжей-тегжейлі талқылады. Тараптар Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс-қимылдары жөнінде уағдаласты.