National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентінің атына құттықтау жеделхатын жолдады

2021 жылғы 29 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Түркияның  ұлттық мейрамы – Республика күнімен шын жүректен құттықтап, Қазақстан халқының және жеке өз атынан ізгі ниетін жеткізді.

Қазақстан Президенті бүгінде Түркияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағытта орасан табыстарға қол жеткізгенін, өңірлік және жаһандық маңызы зор мәселелерді шешудегі белсенділігі мен табандылығы арқылы әлемдік сахнада лайықты орынға ие болғанын атап өткен. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қуатты Анадолы елінің арманын арқалаған саясаткер Режеп Тайип Ердоғанның еңбегі әрдайым жемісті болуына тілектестік білдірген.

– Қазақстан мен Түркия арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы салалардағы стратегиялық әріптестігіміз болашақта өзінің жалғасын тауып, бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне кәміл сенемін. Сындарлы да мазмұнды екіжақты диалогымызды жалғастыру және серіктeстігімізге тың серпін беру жолдарын талқылау үшін жуық арада Өзіңізбен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің  8-ші саммитінде жүздесуді асыға күтемін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қымбатты бауырым, Сізге сарқылмас күш-қуат, жауапты қызметіңізге толағай табыс, ал түрік ағайындарыма баянды өркендеу мен құт-береке тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің