National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтаулар келіп түсті

2023 жылғы 17 мамыр

Президенттің 70 жылдық мерейтойына орай шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларынан, парламенттердің спикерлерінен, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық құрылымдардың жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми орта өкілдерінен құттықтаулар мен жеделхаттар келіп түсіп жатыр.

Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Сербия Президенті Александр Вучич, Мажарстан Президенті Каталин Новак, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Болгария Президенті Румен Радев, Албания Президенті Байрам Бегай, Сингапур Президенті Халима Якоб, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және басқа да тұлғалар өздерінің жеделхаттарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірген.

Құттықтау хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің