Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанатай Далматовты, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовті және Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиісті ведомстволардың жауапты қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.