National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Électricité de France (EDF) компаниясының бас директоры Люк Ремонды қабылдады

2024 жылғы 05 қараша

Франция, Париж қаласы

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Électricité de France компаниясының бас директоры Люк Ремонмен кездесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады.

Мемлекет басшысына атом электр станцияларын басқаратын әлемдегі ең ірі компанияның қазіргі қызметі мен жоспары туралы мәлімет берілді.

Президент жалпыұлттық референдум нәтижесінде Қазақстан азаматтарының басым бөлігі еліміздегі алғашқы атом электр станциясының құрылысына қолдау білдіргенін айтты. Француз компаниясы АЭС құрылысына арналған ядролық технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде осы маңызды жобаны жүзеге асырудың ықтимал моделі ретінде халықаралық консорциум құру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын атап өтті.

Люк Ремон өз кезегінде «Қазатомөнеркәсіп» компаниясымен өзара тиімді серіктестікті жалғастыруға ниетті екенін растады. Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы перспективті жобаларды жүзеге асыруға қатысты ойымен бөлісті.

EDF – электр қуатын өндірумен және таратумен айналысатын Францияның мемлекеттік компаниясы. Компания 67 атом реакторын басқарады, оның 56-сы – Францияда, 9-ы – Ұлыбританияда, 2-і Қытайда орналасқан (бұл – әлемде пайдаланылатын атом электр станцияларының жиынтық қуатының шамамен 18 пайызы). Компания Францияда тағы 14 реактор салуды жоспарлап отыр.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің