National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

2025 жылғы 16 сәуір

Президентке Парламент Мәжілісі қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Сессия басталғалы бері 62 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Оның ішінде 55 заңға Президент қол қойған. Қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің қатарында Су кодексі, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, тауарлардың шығарылған елін айқындау, денсаулық сақтау және ойын бизнесі туралы маңызды заңдар бар.

Бүгінге дейін депутаттардың қарауына 76 заң жобасы келіп түсті. Президент тапсырмасына сәйкес, Салық, Құрылыс кодекстері мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, ғылыми зерттеу аумақтарын дамытуға, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге және жасанды интеллектіге қатысты заң жобалары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мәжіліс төрағасы жаңа Салық кодексінің бірінші оқылымының қорытындыларын, Президенттің Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа депутаттардың өңірлерге іссапарлары кезінде азаматтардан түскен арыз-шағымдарды мемлекеттік органдардың қарауы, Президенттің саяси реформаларын жүйелі жүзеге асыру мәселелері пленарлық отырыстарда тұрақты талқыланып келе жатқаны жайында айтылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Amanat партиясының «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Әкімдер мектебі» жобаларының жүзеге асырылу барысы таныстырылды.

Бұдан бөлек, Ерлан Қошанов парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысына тоқталды. Атап айтқанда, Мәжіліс делегациясы Ташкентте өткен 150-ші Парламентаралық одақ ассамблеясына қатысып, Мемлекет басшысының әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған реформаларын таныстырған. Мұндай жұмыс ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы, Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы, ТМД парламентаралық ассамблеясы және басқа да бағыттағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде белсенді жүргізіліп жатыр.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің