National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің атына жеделхат жолдады

2021 жылғы 01 қыркүйек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзінің және барша қазақстандықтардың атынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті және өзбек халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

– Бауырлас Өзбекстан бұл айтулы күнге ұлттық біртұтастығымен, экономикалық дамуының жоғары қарқынымен және әлемдік қоғамдастықта лайықты беделімен қуатты әрі өркендеген
мемлекет ретінде жетіп отыр. Өзбек халқы Сіздің жасампаздық саясатыңыз бен табысты жүзеге асып жатқан ауқымды реформаларыңызды қолдай отырып, тұрақты даму жолын жалғастыра беретініне сенімдімін, – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тарихы терең стратегиялық  ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

– Сізбен бірлесіп атқарып жатқан жұмысымыз екіжақты деңгейде де, аймақтық және халықаралық ынтымақтастық аясында да Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимылындағы зор әлеуетті толық іске асыру үшін қызмет ететініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Шавкат Мирзиёевке жауапты мемлекеттік қызметте табыс, бауырлас Өзбекстан халқына өркендеу мен өрлеу тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің