National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

2022 жылғы 31 наурыз

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Алматыда өткен мерейтойлық жиынның қорытындылары туралы баяндалды.

Сенат төрағасы Мемлекет басшысына биыл қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық жұмыстары туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі кезеңде заманымыздың ең өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогты қамтамасыз ететін қазақстандық форумға әмбебап әрі жаһандық дінаралық диалог алаңы мәртебесін алу маңызды міндет екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев палатаның Қазақстан халқына Жолдаудағы негізгі бағыттарды жүзеге асыру жөніндегі заң шығару жұмыстары туралы айтты.

Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды заңнамалық тұрғыда сапалы қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Сенат спикері депутаттардың өңірлерге сапарларының қорытындылары туралы ақпарат берді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің