National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті.

Мемлекет басшысы Қазақстан Қытай Халық Республикасымен арадағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті белсенді түрде дамытуға айрықша маңыз артатынын атап өтті. Осы орайда Президент 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Астанада ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасы табысты іске асырылып жатқанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының қарқынына жоғары баға беріп, бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатынын, тауар айналымы жыл сайын рекордтық межені бағындырып отырғанын айтты.

Әңгімелесу барысында инвестициялық ықпалдастыққа баса мән берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан шетелден инвестиция тартуға жағдай жасап, бірлескен стратегиялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Президент әлем жасанды интеллектінің белсенді даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Бұл бағытта Қытай көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қытай тарапымен аталған салада ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

Цай Гуаньшэнь қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Ол Қазақстанның ең алдымен, қаржы секторындағы инвесторлар үшін тартымды әрі сенімді инвестициялық юрисдикциясын жоғары бағалады. Корпорация басшысының айтуынша, бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин тарапынан көрсетілген жүйелі қолдау оң септігін тигізіп отыр.

Кездесу барысында қаржы, энергетика, цифрландыру, медицина, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің