Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапарының барысында осы елдің Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Төле би кесенесіне зиярат етті. Мемлекет басшысы Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды. Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан кесене XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.