National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысына Жамбыл облысының инвестициялық жобалары таныстырылды

2021 жылғы 04 қазан

Жамбыл облысы, Қордай ауданы

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және Тараз қаласының даму перспективалары туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың есебін тыңдады.

Бердібек Сапарбаев Президентке «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша экономиканың негізгі бағыттарында дамудың оң қарқыны сақталған, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, байланыс салаларында өсім байқалады. Салық түсімдері мен еңбекақы артқан.

Осы мерзім ішінде 372,9 мың шарты метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 232,6 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Кәсіпкерлікті қолдаудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Жамбыл облысында құны 2,5 триллион теңге болатын 107 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысына биыл құны 171 миллиард теңге болатын 31 жобаның жүзеге асырылатыны, сондай-ақ 8 айдың ішінде 78,2 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға 13 жобаның іске қосылғаны жөнінде баяндалды.

Облыс әкімінің айтуынша, «Алқаптан сөреге дейін» жобасын жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бөлінген. Өңірде 31 әлеуметтік павильон ашылған. Тағы 12 нысан ашу жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің есебін тыңдаған Президент өңірді дамытудың басым бағыттарын белгілеп берді.

– Баяндамаңыз қабылданды. Жалпы бұл облыс қарқынды дамып келе жатыр. Өсім бар. Шешілмеген мәселелер де бар. Онсыз болмайды. Ұсыныстарыңызды қарастырып, мәселелердің оң шешілуін өзім бақылауға аламын. Келесі жылдың басында облысқа келу жоспарымда бар. Сол кезде нақты мәселелерді пысықтаймыз. Ал вакцина жөнінде айтатын болсақ, Қазақстан дүниежүзіндегі өз вакцинасын ойлап тапқан ең озық мемлекеттердің қатарына қосылды. Бұл Жамбыл облысымен тікелей байланысты. Сондықтан құтты болсын. Атқарып жатқан еңбектеріңізге ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің