ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ресей Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесу өткізді. Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қоры шеңберіндегі ықпалдастықты тереңдету мәселелеріне назар аударды. Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты диалогты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.