National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің Волонтерлер слетіне қатысты

3-4 қазан күндері Астана қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердегі Еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слеті өтті. Басқосу аталған ұйымның Жастар кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылды. Алқалы жиынға Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Тайланд, Тәжікстан, Шри-Ланка секілді әлемнің 21 елінен 450-ден астам делегат келді.

Слеттің пленарлық сессиясына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және шет елдердегі еріктілер ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Ерлан Қарин өз сөзінде Мемлекет басшысының волонтерлер қызметіне, олардың әлеуметтік әділдікті нығайтудағы, бірлік пен ынтымақтастық секілді негізгі құндылықтарды ілгерілетудегі рөліне баса мән беретінін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Қазақстандағы еріктілер қозғалысының ауқымы зор екенін, қазіргі таңда елімізде 740 волонтерлік ұйым табысты қызмет атқарып, жаңа мінез-құлық мәдениетін қалыптастырып жатқанын айтты. Бұдан бөлек, Ерлан Қарин Қазақстан волонтерлерінің халықаралық еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесіне тоқталып, олар БҰҰ-ның, ЮНИСЕФ-тің еріктілер бағдарламасы мен өзге де халықаралық іс-шараларды жүзеге асыруға атсалысып жүргеніне назар аударды.

Слет делегаттары жан-жақты пікір алмасып, түрлі бастамалар мен ұсыныстар айтты. Сондай-ақ жиында волонтерлік қызметке қатысты маңызды мәселелер мен оның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы рөлі талқыланды.

Пленарлық сессия соңында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің аумағында волонтерлікті бірлесіп дамытуға қатысты ұсынымдар әзірленді. Сонымен қатар Волонтерлерді мобилизациялаудың халықаралық жылын өткізу туралы ұсыныстар айтылды.

Жалпы, АӨСШК Волонтерлер слеті білім мен тәжірибе алмасудың бірегей алаңына айналып, Азиядағы еріктілер қозғалысын дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: