National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президентімен кездесті

Ерлан Қарин Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесу өткізді.

Басқосуда Мемлекеттік кеңесші V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқаны үшін Түркиядан келген мәртебелі мейманға алғыс айтып, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының бұл жарысты ұйымдастыруға және табысты өткізуге айрықша үлес қосқанын атап өтті. Сонымен қатар 89 елдің 3000-ға жуық спортшысы қатысқан мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ұлттық спорт түрлерін дамытуға және дәріптеуге мүмкіндік беретінін айтты.

Өз кезегінде Біләл Ердоған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Конфедерация президенті бұл шара қатысушы мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететінін тілге тиек етті.

Кездесу соңында Ерлан Қарин мен Біләл Ердоған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорт түрлерінің өрісін кеңейтіп қана қоймай, елдеріміздің тарихи мұрасын сақтап, мәдени байланыстарды дамытатын алаңға айналып келе жатқанын атап өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: