National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ҚКП Орталық комитеті Үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасарымен кездесті

 

Ерлан Қарин Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитеті Үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ху Хэпинмен кездесті. Бұл жүздесу мәдени-гуманитарлық және ақпараттық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында өтті.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан мен Қытай арасындағы бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ екі елдің сараптамалық орталықтары мен жетекші медиа құрылымдары арасындағы тәжірибе алмасу мәселесіне ерекше назар аударды.

Ху Хэпин қонақжайлық көрсеткені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдіріп, Қытай мен Орталық Азия елдерінің БАҚ саласындағы ынтымақтастығы форумының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.

Тараптар гуманитарлық диалогты нығайту өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухындағы байланыстарды одан әрі бекемдеуге ықпал ететініне сенім білдірді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы