National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жиын өткізді

Басқосуда жауапты министрліктер басшылары мен Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері баяндама жасады.

Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар бойынша заң жобаларын, «Қазақстан балалары» бағдарламасын, ішкі саясат саласындағы концептуалдық құжатты әзірлеу, сондай-ақ өңірлерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша мән берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай аясындағы тапсырмаларының орындалуы Президент Әкімшілігінің бақылауында болады. Олардың жүзеге асырылу барысы бойынша жиналыс тұрақты түрде өткізіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы