National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Республикалық комиссияның шешімімен 184 отандасымызға «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағыттары бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алады.

Сонымен қатар комиссия отырысында отандық ғалымдардың жетекші шетелдік ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту мәселесі қаралды. Мемлекеттік кеңесші Президенттің аталған бастамасы Қазақстан ғылымының дамуын ынталандыруға бағытталғанын атап өтті. Ерлан Қарин ғылыми тағылымдамаға арналған гранттарды бөлу кезінде отандық ғылымның басым бағыттары бойынша тепе-теңдікті міндетті түрде сақтау қажет екеніне назар аударды. Бұл әлеуметтік-гуманитарлық, сондай-ақ инженерлік-техникалық мамандықтарға да қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин отырыс қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясына және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасына конкурстық негізде іріктеу процесін одан әрі жүзеге асыруға әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару