National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат мәселелеріне қатысты республикалық кеңес өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ішкі саясат және идеология жұмысына қатысты республикалық кеңес өтті. Басқосуға Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Үкімет мүшелері, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарлары, аймақтардағы қоғамдық даму басқармаларының жетекшілері қатысты.

Іс-шарада Мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыруға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, қоғамдық бірлестіктермен және сарапшылар қауымдастығымен өзара байланысқа, ақпараттық және жастар саясатына қатысты мәселелер талқыланды.

Ерлан Қарин өз сөзінде ішкі саясат саласындағы жұмысты ұйымдастыруға байланысты ортақ ұстанымдар мен қағидаларды белгілеп, аталған бағыттағы негізгі басымдықтар жөнінде айтты. Сондай-ақ осы жылдың басты тақырыптары мен күн тәртібіне назар аударды.

– Мемлекет басшысының бастамасымен аса маңызды саяси реформалар жүзеге асты. Қазіргі уақытта экономиканың әлеуетін жан-жақты нығайтуға бағытталған ауқымды жобалар қолға алынып жатыр. Ел дамуының жаңа кезеңі ішкі саясаттың тәсілдерін де қайта қарауды талап етеді. Сондықтан идеология саласындағы негізгі басымдық қоғамдағы тұрақтылық пен ынтымақты қамтамасыз етумен қатар, жалпыұлттық құндылықтарды орнықтыру және жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру жұмыстарына беріліп отыр. Осы себепті мемлекеттің бүгінгі саясаты «Заң және тәртіп» қағидасын бекітуге, «Таза Қазақстан» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған. Жалпы, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды көздейтін тың тәсілдерді іздеу жұмыстары Ұлттық құрылтай және басқа да алаңдар аясында үнемі жүргізіліп келеді, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Жиын соңында Ерлан Қарин жауапты мемлекеттік органдарға ішкі саясат саласындағы жұмысты проактивті режимде жүзеге асыру туралы тапсырмалар берді.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы