National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Самарқандта ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёевамен болған кездесуде екі ел арасындағы, соның ішінде ЮНЕСКО аясындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл әлеуеті талқыланды.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Қазақстанды одан әрі жаңғыртуға бағытталған жаңа бастамалары туралы айтты.

Тараптар өңірлік бастамаларды ілгерілету, оның ішінде ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра және Бүкіләлемдік мұралар тізімі аясындағы трансұлттық номинацияларды ұтымды үйлестіру жұмыстарын жалғастыру туралы келісімге келді.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның жуырда өкілеттігі аяқталатын Бас директоры Одрэ Азулемен болған кездесуде кейінгі жылдары Қазақстанның бірқатар ұсынысы (Тұран шөлдері, Беташар, Хандар шежіресі және т.б.) ЮНЕСКО-ның беделді тізімдеріне, сондай-ақ 2024-2025 жылдары Б.Соқпақбаев пен Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілгенін атап өтті. ЮНЕСКО-ның қолдауымен Алматы қаласындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы алдағы сегіз жылдық кезеңде өз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Одрэ Азуле Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық бастамалары мен Қазақстанда іске асырып жатқан реформалары маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу барысында Мемлекеттік кеңесші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға әрі білім, ғылым және мәдениет салаларында Қазақстанмен әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Одрэ Азулеге ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы