National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесшінің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Басқосуда Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты  Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлықты азайтуға ықпал ететін шаралар талқыланды.

Ерлан Қарин жиында Президенттің салық саласын жаппай цифрландыруға және шаруаларға несие беру үшін банктерді субсидиялау тәжірибесін қолға алуға, салық режимдерін оңтайландыруға және басқа да бастамаларға қатысты Жолдауда айтылған тапсырмаларын тиімді орындау сыбайлас жемқорлыққа қатысты сын-қатерлерді барынша төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты.

Сонымен қатар Комиссия отырысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселесі қаралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларының есебі тыңдалды.

Тұжырымдаманы іске асыру аясында бірқатар кешенді шара қабылданды. Оның ішінде негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлайтын адамдарды қорғау тәсілдерін күшейту, қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру және басқа да мәселелер бар. Парламентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосымша шаралар қарастыруды көздейтін түзетулердің кезекті топтамасы енгізілді.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші Комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырма берді. Ерлан Қарин елімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған тетіктерді жан-жақты және жүйелі түрде пысықтаудың маңызды екенін тағы да атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы