National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші кездесуі өтті

Астана қаласында Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші отырысы өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Жиын барысында өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, соның ішінде су-энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықты дамыту ісі жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар тараптар Орталық Азия елдерінің көлік қауіпсіздігі мен көлік-логистика әлеуетін дамыту аспектілерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы әріптестеріне аталған мәселелер бойынша еліміздің ұстанымы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ трансшекаралық өзендердің ресурстарын тиімді басқару, суды теңдей әрі әділ пайдалану қағидаттарына негізделген біріктірілген су саясатын әзірлеу және оны жүзеге асыру, өзара міндеттемелерді мүлтіксіз орындау жөніндегі ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ортақ стратегиялық тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақтың экономикалық байланыстарын нығайту мақсатында көлік дәліздерін одан әрі дамыту қажет екені атап өтілді.

Бірінші кездесудің қорытындысы бойынша тараптар өңірлік қауіпсіздікті нығайту саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: