National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның мемлекеттер басшылары «Достық кеші» гала-концертін тамашалады

2024 жылғы 08 тамыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан президенттерімен бірге мәртебелі меймандардың құрметіне ұйымдастырылған «Достық кеші» гала-концертін тамашалады.

Мемлекеттер басшылары «Астана опера» вестибюлінде «Шығармашылық жаңғырығы» көрмесімен танысты. Көрмеге танымал қазақстандық суретшілердің туындылары және Орталық Азия елдері бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектері қойылған.

Концерттік бағдарлама аясында қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, әзербайжан халықтарының әндері мен билері орындалды. Сондай-ақ көрермендердің назарына ұлттық музыкалық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен «Достық дивертисменті» ұсынылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің